Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Алматы мен Ыстықкөл арасындағы жол құрылысын Қытайға тапсыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, жобаны жылдам әрі тиімді аяқтаудың жолы – көршілермен келісу.
Мәжілістің жалпы отырысында сөз алған депутат Ермұрат Бәпи Алматының Алатау жақ бетінен Қырғызстанның Ыстықкөл аймағына тікелей апаратын жолдың әлі күнге дейін салынбағанын айтып, Сыртқы істер министрлігіне сауал қойды.
Оның айтуынша, бұл бастама алғаш рет 2008-2009 жылдары көтерілген, алайда құрылыс аяқсыз қалған.
Мына мәселені шешудің оңай жолы: қырғыз бен қазақ келісіп, Қытайға тапсырылса, бір жылда салып тастайды. Сол естеріңізде жүрсін деген ұсыныс, – дейді Ермұрат Бәпи.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың ұсынысын әзілмен қабыл алып:
Ақылыңызды министрлік қабылдады, рахмет, – деп жауап берді.