Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болғандар ұсталды

25 Қазан 2019, 20:55
3907
Бөлісу:
Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болғандар ұсталды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-тергеу тобы тінту барысында 1 тонна 118 кг киік мүйізін алды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

6 копия.jpg

"2019 жылғы қыркүйек-қазанда браконьерлік топ әрекетінің жолын кесу бойынша шараларды қатаңдату шаралары аясында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарының, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы Алматы және Шымкент қалаларының аумағында, одан әрі ҚХР-ға контрабандалық жолмен сату, тасымалдау және шығару үшін киік атуды заңсыз жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді", - деп хабарлады ҰҚК-да.


Жедел-тергеу тобы тінту барысында 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін алды. Мамандардың есебі бойынша, ҰҚТ-ның заңсыз әрекетінен мемлекетке келген зиян 5 млрд 664,6 млн теңгені құрайды.

2.jpg

"ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-б. (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және 339-бабы (өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелген СТБТ аясында қылмыстық топтың 18 мүшесі (барлығы ҚР азаматы) ұсталды, оның 9-ы сот санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

55.jpg

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы