Қытайдың оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан екі адам қаза тапты.
Синьхуа мәліметінше, дүйсенбіге қараған түні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының Лючжоу қаласында магнитудасы 5,2-ні құрайтын жер сілкінісі тіркелді.
Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі екі адамның қаза тапқанын растады. Тағы бір адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі сегіз шақырым тереңдікте болған. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.
Жергілікті билікке жер сілкінісінен зардап шеккендердің ықтимал санын және материалдық шығынды мүмкіндігінше тезірек нақтылау тапсырылды. Сондай-ақ іздестіру-құтқару операцияларын ұйымдастыру, зардап шеккен аймақтан тұрғындарды эвакуациялау және қайталанған жерасты дүмпулерінің (афтершоктардың) мониторингін күшейту міндеттелді.
Жер сілкінісі болған аймаққа жалпы саны 51 өрт сөндіру-құтқару машинасы және 315 адамнан тұратын құтқару бригадасы жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін Қытай аумағында қуатты жер сілкінісі тіркелгені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыдағы жер сілкінісін алдын ала болжауға бола ма?
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді
Ауғанстандағы жер сілкінісі: Бір отбасынан сегіз адам қаза тапты