Қытайдың Барлық тауында тұратын қазақ отбасы

5 Мамыр 2023, 12:27
2398
Бөлісу:
Қытайдың Барлық тауында тұратын қазақ отбасы
Фото: kaz.people.cn

Қытайдың Барлық тауы қойнауындағы бақытты қазақ отбасы өмір сүреді. Олардың өмір салты жайлы қытайлық БАҚ жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Халық» газетінің хабарлауынша, Бейжіңнен 3 000-нан шақырым қашықтықт орналасқан солтүстік-батыс шекарада, Шыңжаңның Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданының оңтүстігінде шығыстан батысқа қарай созылған керемет Барлық тауы бар.

Таудың оңтүстік етегі - жергілікті малшылардың бірнеше ұрпақтан бері көшпелі өмір кешкен өңірі. 53 жастағы шопан Бақыт Тілекшіқызының отбасы да осында тұрақтаған.

Қытайдың Барлық тауында тұратын қазақ отбасы

Оның Бақыт деген есімінде ата-анасының ұрпағына деген тамаша тілегі сақталған. Шопан әні тамылжыған Барлық тауының етегінде олар еңбектері мен әлеуметтік дамудың жалпы ілгерілеуіне ілесе армандаған тамаша тұрмысқа жетті, - деп жазды Халық газеті.

Атадан қалған қамшыны ұстап, Бақыт пен күйеуі Қабдіраш Нүсіпбекұлы ерінбей еңбектеніп, бүгінде қорасына 200-ден астам қой, 20-дан астам сиыр, 10-нан астам жылқы жинады. Олардың иелігіндегі мал саны жылдан жылға көбейіп келеді.

Бүгінде олар тек малшылықпен ғана айналыспайды. Баю жолына түскен Бақыт жайлаудан 40 шаршы метр болатын дүкен ашты. Күйеуі мен баласы Сезім малға қараса, өзі дүкенге ие.

Қытайдың Барлық тауында тұратын қазақ отбасы

Ата-анасы басып өткен қиындығы мол малшылық өмірмен хош айтысқан қызы Күншуақ оқуға аттанды. Ол Шыңжаң медициналық университетіне студенттерге арналған ұлттық ақысыз бағдарлама бойынша оқуға түскен. Күншуақ бүгінде ауылдастары мен отбасының мақтанышы, - деп жазды қытайлық БАҚ.

Көктемде жаңа оқу маусымында қызын университетке апару үшін, жасы 60-қа таяған Қабдіраш тұңғыш рет ауылдан 600 шақырым алыста орналасқан Үрімжі қаласына барып, естен кетпес үш күнді өткізді. Көктем келісімен қарбалас тірлігін бастаған Бақыттың шаруашылығында биыл 100-ден астам қой төлдейді екен. Олар сәуірдің соңына дейін мал төлдетумен әбігер болады.

Бақыт өзінің кішкене қызының атын Күншуақ қойғанын «біздің өміріміз сияқты шуақты» деп түсіндірді.

Өзгелердің жаңалығы