Қытайда су тасқынынан тоғыз адам қаза тапты

19 Маусым 2024, 13:35
249
Бөлісу:
Қытайда су тасқынынан тоғыз адам қаза тапты

Қытай су тасқынымен бір айдан бері арпалысып әлек, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Толассыз жауын-шашынның арты көшкінге ұласып, кеше түнде 9 адам көз жұмды. Тағы 15 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Гуандун, Фуцзянь провинцияларында 130 мыңнан астам тұрғын, сусыз, жарықсыз отыр. 

Упин уезінде 378 үй қирап, егін алқаптары бүлінген. Апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі болса елдің тағы 17 провинциясында тасқын қаупі жоғары деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы