Қытайда Қазақстан арпасына сұраныс жоғары

24 Ақпан 2023, 10:31
1512
Бөлісу:
Қытайда Қазақстан арпасына сұраныс жоғары
Фото: Онлайн халық газеті

Қазақстан арпасын тиеген пойыз Цзянсиге (Қытай) жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Онлайн халық газетіне сілтеме жасап.

Ганьчжоу халықаралық құрлық портына 130 тонна қазақстандық арпаны тиеген «Жаңа Жібек жолы» нөмірлі Орталық Азия пойызы келіп тоқтады. Жеткізілген арпа бұдан соң Ганьчжоудағы биотехнологиялық компанияның өндірістік зауытына жіберіледі.

Орталық Азия пойызы Қазақстанның Ақмола облысынан жолға шығып, Шыңжаңдағы Алашанькоу порты арқылы елге кіргеннен кейін, Ганьчжоу халықаралық құрлық портына жетті. Сапар 20 күнге созылды.

Кеден департаментінің мәліметі бойынша, Ганьнань аумағындағы жем-шөп өндіретін кәсіпорындардың арпаға сұранысы жоғары. Қазақстандық арпаның сапасы жақсы, бағасы да төмен. Өнімнің өзіндік құнын тиімді төмендетуге мүмкіндіктің болуы, кәсіпорындар арасында арпаның танымалдығын арттырды. Осы компанияның сатып алу жөніндегі менеджері Ли Миньминь кері қайтатын Қытай-Еуропа пойызы теңіз көлігіне қарағанда тұрақты, жылдам және арзан екенін айтты, - деп жазды қытайлық БАҚ.

Былтырдан бастап елге қайтатын пойыздармен тасымалдау көрсеткіштерін зерттегенде, олардың зауыты Орталық Азияның «Жаңа Жібек жолы» нөмірлі пойызы арқылы құны шамамен 19 млн юань болатын 7 100 тоннадан астам қазақстандық арпаны импорттап, шығындардан 700 000 юаньнан астамға үнемдеген.

Соңғы жылдары Қытай-Еуропа (Азия) пойызы Орталық Азия мен Еуропа елдерін оңтайлы байланыстырды. Сонымен бірге сыйымдылығы жоғары, экологиялық таза және көміртегі аз жаңа жер үсті көлігін қалыптастырып, байырғы Ганьнаньді сыртқы әлемге танытуға жол ашты. Ганьнань аймағына тән өнімдер Қытай-Еуропа (Азия) пойыздарымен бүкіл әлемге жөнелтіледі. Ал кері пойыз «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдерден маңызды бұйымдарды тиеп, елге қайтады.

Өзгелердің жаңалығы