Қытайда әлемдегі алғашқы аспалы теміржол іске қосылды

14 Тамыз 2022, 16:18
1505
Бөлісу:
Қытайда әлемдегі алғашқы аспалы теміржол іске қосылды

Қытай Орталық телевизиясы елде әлемдегі алғашқы аспалы теміржол пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ mir24.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, теміржол Қытайдың оңтүстігіндегі Цзянси провинциясында ашылған. Оның ұзындығы 800 метр, жер бетінен 10 метр биіктікте орналасқан. Механизм үздіксіз магнит өрісі негізінде жұмыс істейді және 88 жолаушыға арналған құраманы көтере алады.

Цзянси ғылым және технология университеті зерттеушілерінің айтуынша пойыз қозғалысы үшін үйкеліс болмаған жағдайда аздаған электр энергиясы жеткілікті.
 

Өзгелердің жаңалығы