Қытайда 110 робот Гиннестің рекордтар кітабына енді

 globaltimes.cn 27 Қазан 2026, 09:29
27 Қазан 2026, 09:29
199
Фото: globaltimes.cn

Қытайдың Цзинань қаласында 110 гуманоидты робот синхронды билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Global Times мәліметінше, 24 қазанда өткен қойылымда роботтар жай ғана қозғалып қоймай, секіріп, сальто жасап, күрделі топтық қимылдарды орындады. Expedition A3 роботтарының үйлесімді қозғалысын LinkBots басқару платформасы мен аса кең жолақты UWB позициялау жүйесі қамтамасыз еткен. Бұл технология роботтардың қозғалысын бірнеше сантиметрге дейінгі дәлдікпен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Өндіруші компания мұндай жетістікке алғаш рет жетіп отырған жоқ. Бұған дейін алдыңғы буынға жататын AgiBot A2 гуманоид роботы 106 шақырым жол жүріп, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Ал шоу мен түрлі іс-шараларға арнап жасалған Expedition A3 моделі бұл жолы күрделі қимылдарды топпен үйлесімді орындауға қабілетті екенін көрсетті.

Тағы оқи отырыңыз:

Камбоджада мина іздеуші егеуқұйрық Гиннес рекордын жаңартты

Әлемдегі ең қымбат кофе Гиннестің рекордтар кітабына енді

Өзбек палауы Гиннес рекордтар кітабына қашан енді?

Наверх