Қытай шетелдік туристерге шекарасын ашты

9 Қаңтар 2023, 12:01
1150
Бөлісу:
Қытай шетелдік туристерге шекарасын ашты

Пандемия басталғаннан бері елге кіруге шектеу қойған Қытай халық республикасы шетелдік туристер үшін шекарасын ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ  ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, енді Қытайға келген туристер карантинге жіберілмейді, бірақ коронавирустан ПТР-тест тапсыру тәртібін сақтайды. Оның уақыты сапарға шыққанға дейін 48 сағаттан аспауы керек.

8 қаңтарда Қытай билігі шетелдіктер үшін уақытша тұруға жарамды виза бере бастады, - деп жазды BBC.

Жексенбіден бастап Қытай Халық Республикасының материктегі бөлігі мен Гонконг арасындағы теңіз және жаяу жолаушылар тасымалы қалпына келді. Мұндай сапарға шығу үшін де турист уақыты екі күннен аспаған ПТР-тест нәтижесін көрсетуі керек.

Өзгелердің жаңалығы