Қыстың алғашқы күндері күн райы қандай болады

1 Желтоқсан 2023, 14:10
3193
Бөлісу:
Қыстың алғашқы күндері күн райы қандай болады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2-4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

3 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 3-4 желтоқсанда шығыста, 4 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары мен бұрқасын болады. Республика бойынша тұман, жел 15-29 м/с, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 30 м/с жетеді.

4 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының жотасымен суық ауа массаларының енеді, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі сағаттарда 7-21 градус аязға дейін, ал республиканың орталығы мен шығысында 5-15 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде 0-5 градус аязға дейін шамалы төмендеуі болжанады.

Өзгелердің жаңалығы