"Қысқы субұрқақ": Алматыда жолдың қақ ортасында су атқылады

6 Наурыз 2024, 14:00
905
Бөлісу:
"Қысқы субұрқақ": Алматыда жолдың қақ ортасында су атқылады
VIDEO
Фото: Kris-p-almaty

Алматыдағы Төлебаев көшесінің бойында субұрқақ пайда болды,  деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағының жанында болған.

Желіде жарияланған видеокадрларда жол бойында 2-3 метрдей биіктікке дейін су атқылағанын көруге болады. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімдігінен түсінік беруін өтіндік. 

Алматыдағы Төлебаев-Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы жылу желілерін жөндеу жұмыстары басталды. 

6 наурыз күні Төлебаев-Әйтеке би көшелерінің қиылысында жылу трассасынан су атқылады. Жедел тәртіппен екпін оқшауланды, "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадасы зақымдануды жоюға кірісті. Қазыбек би-Панфилов-Әйтеке би-Қонаев көшелері шаршысында 1985 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан диаметрі 400 мм құбырдағы зақымдануды жою үшін ыстық су мен жылыту уақытша өшірілген. Жұмыстарды аяқтау жоспарланған мерзімі бүгінгі сағат 23:00-ге дейін. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өз бетінше әрекет жасамауды және болған оқиға туралы "АлЖЖ" ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне тәулік бойы мына нөмір бойынша хабарлауды сұраймыз: +7 727 3780665 немесе нөмір бойынша+7 727 341 0777, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін немесе 109-ға дейін қоңырау шалу керек, – дейді "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Өзгелердің жаңалығы