Қыркүйекте футболдан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды

26 Тамыз 2023, 20:47
675
Бөлісу:
Қыркүйекте футболдан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды

Қыркүйек айында Қазақстан U-21 құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, футболдан жастар құрамасы Қазақстан U-21 құрамасы "В" тобында Испания, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бір топқа түсті.

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері алғашқы ойынды 7 қыркүйек күні сырт алаңда Мажарстанмен өткізеді. Матч Сегед қаласының "Грошич Академиясында" болады. Кездесу Астана уақытымен 21:45-те басталады. Екінші матчты Қазақстан U-21 құрамасы қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні Бельгияға қарсы ойнайды. Ойын Левен қаласында "Ден Дриф" стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 00:00-де басталады.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматыда басталады. Тізімге 23 футболшы енді.

Өзгелердің жаңалығы