Қырғызстанда бір тәуліктің ішінде 5 рет жер сілкінді

20 Қараша 2026, 20:39
АВТОР
 istockphoto.com 20 Қараша 2026, 20:39
20 Қараша 2026, 20:39
60
Фото: istockphoto.com

Қырғызстанның Баткен, Ош және Нарын облыстарында жерасты дүмпулері тіркелді. Түнде жер сілкінісі Ош қаласынан 125 шақырым қашықтықта болған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kg-ға сілтеме жасап.

Сейсмологтар алғашқы жер сілкінісін 19 қараша күні сағат 05:02-де Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тіркеді.

Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, ел тұрғындары бұл дүмпулерді сезбеген. Тағы үш жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 11:56, 15:20 және 15:36-да болды. Олардың ошағындағы қарқындылығы 3-тен 3,5 балға дейін жетті.

Бесінші жер сілкінісі 20 қараша күні сағат 02:39-да тіркелді. Оның эпицентрі Ош облысындағы Бор-Дөбө ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай жеті шақырым жерде орналасқан.

Сейсмологтар оның магнитудасын 3,9 деп бағалады. Ауылдың өзінде дүмпулер 3 балл деңгейінде сезілді.

24.kg таратқан ақпаратта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

 

Наверх