Қырғызстанда 4,6 магнитудалы жер сілкінді

17 Тамыз 2023, 23:31
921
Бөлісу:
Қырғызстанда 4,6 магнитудалы жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 17 тамыз күні Алматы уақыты бойынша 19 сағат 54 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 383 км қашықтықта Қырғызстан аумағында жатыр. Энергетикалық класы 10.5. Магнитудасы 4.6 MPV. Бағыты 41.19° с.е. 73.15° ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы