Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері психологиялық тренингтен өтті

24 Наурыз 2023, 19:18
1064
Бөлісу:
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері психологиялық тренингтен өтті
Фото: Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД “Қарым-қатынас, өзара іс-қимыл және өзара түсіністік” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

“Сенімен Болашақ” қоғамдық бірлестігінің директоры -  Арапбай Шерхан Жұмабекұлы, осы бірлестік психологтары Абдрахманова Сымбат Нұртазақызы мен Баянова Жұмакүл Тасболатқызы Қызылорда  облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің қызметкерлеріне “Қарым-қатынас, өзара іс-қимыл және өзара түсіністік” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Бұл тренингтің мақсаты – психологиялық әсер ету арқылы адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру, ұжымдастарымен қарым-қатынасты одан әрі жақсарту болып табылады. Тренинг барысында әрбір қызметкердің өзге ұжымдастары арасындағы қарым-қатынастар талқыланып, әр қызметкер ортаға өз ойын толық айтты, - деді “Сенімен Болашақ” қоғамдық бірлестігінің директоры Арапбай Шерхан Жұмабекұлы.

Мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі Мақсат Досанов тренинг барысында ұжымдастарымның жұмыстан тыс уақыттағы қызығушылықтары қандай екендігін біліп жатқанын атап өтті.

Әрбір адамның өмірі өлшеулі. Осы өлшеулі өмірде жұмыстан бас алмай, жұмыс барысында түрлі жағдайда ұжыммен қарым-қатынасты нығайтуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Осы тренинг барысында ұжымдастарымның жұмыстан тыс уақыттағы қызығушылықтары қандай екендігін біліп жатырмыз. Қызмет барысында күйзеліске түсіп жүргендеріміз жаттығу барысында бір мәрте сергіп қалдық. Бұл, әрине, тамаша сезім! Әріптестеріммен ойнап-күлгеніміздің өзі бір естелік! Себепкер болып жатқан сіздерге алғысымыз шексіз!, - деді өз сөзінде ол.

Сондай-ақ қызметкерлер арасында психологиялық тұрғыдан қолдау, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту және мекеме қызметкерлерінің қандай жағдай болмасын, ортақ мақсатқа бірігуге дағдылану, сенімділігін қалыптастыру, стресті ахуалдар мен кикілжіңді жағдайларда салмақтылықты сақтай білу, сонымен қатар әріптестері арасында коммуникативті дағдыларды қалыптастыру әдістері үйретілді. Олармен бірге сергіту жаттығулары және қызметкерлердің рухын көтеру үшін арнайы ойындар ойнатылды. 

Өзгелердің жаңалығы