Қылмыс. Таласта 22 жылқы иесіне қайтарылды

23 Желтоқсан 2022, 16:00
1694
Бөлісу:
Қылмыс. Таласта 22 жылқы иесіне қайтарылды

Талас аудандық полиция бөліміне Тараз қаласының 33 жастағы тұрғыны арызданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол өз арызында осы жылдың 12-19 желтоқсан күндері аралығында Талас ауданы маңындағы мал жайылымынан 22 бас жылқысы белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін баяндаған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 12 000 000 теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Мал иесі туыстарымен бірге жоғалған жылқыларды өз күштерімен 5 күндей іздеп таба алмағандықтан, полиция бөліміне жүгінген.

Жоғалған малдарды іздеуге аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы қатарынан 5 жедел іздестіру тобы, 5 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен бір тәулік ішінде 22 бас жылқы малы жайылымнан 25-30 шақырым жердегі құмды өлкеден толықтай табылып, иелеріне қайтарылды.

Жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде жылқы малдарын ешкімнің ұрламағаны, өз беттерінше жайылып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы анықталды. 

Жалпы, ағымдағы жылдың 11 ай қорытындысы бойынша облыс аумағында мал ұрлығының тіркелуі, өткен жылмен салыстырғанда -31,3%-ға (131-ден 90 дерекке) кеміп, ашылуы 48,8%-дан 55,2%-ға артты.

Мал ұрлығын жасағаны үшін 8 қылмыстық топ және 71 азамат құрықталды. 

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Сіздерден мал ұрлықтарының алдын алу және болдырмау үшін, өздеріңізге тиесілі үй жануарларын қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы