Қыдырәлі: Ұлтымыздың тарихи-рухани, киелі орындарын сақтау қажет

15 Ақпан 2024, 16:20
460
Бөлісу:
Қыдырәлі: Ұлтымыздың тарихи-рухани, киелі орындарын сақтау қажет
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда ұлттың рухани бағдарына айналған және халыққа қорған болған көптеген киелі орын бар. Дархан Қыдырәлі осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кешендердің көбі жойылған, енді бірі бастапқы келбетінен қатты ауытқыған, тарихи орындарды қалауынша өзгерткен. Сол сияқты сансыз бабтар мекені Сайрамда қастерлі орындар қараусыз жатыр. VIII-IX ғасырдан қалған көне қорымның бір шетін базар басып барады. Бағзы Исфиджабтан жеткен Ибраһим ата, Қарашаш ана, Қызыр хазірет сияқты тарихи-рухани нысандарды сақтау қажет. Сондықтан көне Сайрам мен Созақтағы рухани ескерткіштерді сақтау ісін Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайына тапсыруды ұсынамыз, - деді сенатор.

Дархан Қыдырәлі еліміздегі рухани ескерткіштерді қорғауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті және олар біздің мұрамыз бен тарихымыз екенін атап өтті.

Ұлттың иммунитетін қалыптастыратын рухани орындар тағылым мектебі болуы керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қалқанымыз – діңгекті дәстүр мен рухани бұлақ көздері зерделене бастаса, деструктивті теріс ағымдардың жолын жабуға септеседі. Тарихи кешендерді ұлттық бренд ретінде ЮНЕСКО-ға ұсыну ісін жүйелеп, жеделдету қажет. Мемлекет басшысы 2019 жылы елімізді рухани-этнографиялық туризмнің орталығына айналдыруды тапсырғаны белгілі. Сондықтан киелі мекендерді мемлекет қарауына алу, заңды қатайту, инфрақұрылымды дамыту қажет деп ойлаймын, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы