Құжатсыз қалған Өзбекстан азаматтары полицейлерге алғыс білдірді

29 Маусым 2023, 09:31
765
Бөлісу:
Құжатсыз қалған Өзбекстан азаматтары полицейлерге алғыс білдірді
Фото: gov.kz

Құжаттарын жоғалтып алған Өзбекстан азаматтары атыраулық полицейлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polizia.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасының 1988 ж.т. азаматы мен 1991 ж.т. азаматшасы 2018 жылы жұмыс бабымен Қазақстанға келген. 

Ерлі-зайыптылар белгілі бір себептермен өздерінің және 2015 ж.т., 2017 ж.т балаларының құжаттарын жоғалтып алған. 

Еліне қайта алмай, құжатсыз жүрген шетел азаматтарына қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері көмектесіп, Өзбекстан Республикасының Елшілігіне еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал етіп, тиісті заңды көмек көрсетті. 

Шетелдіктер полицейлерге алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы