Құтқарушылар Төтенше жағдайлар министріне ақша жинайтыны рас па?

2 Қазан 2023, 11:09
1545
Бөлісу:
Құтқарушылар Төтенше жағдайлар министріне ақша жинайтыны рас па?
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

ТЖМ Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан Төтенше жағдайлар министріне ақша жинау туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ведомство мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Айтуларынша, бұған дейін Гасанов Зуялхан 2022 жылы жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын. 

Айта кету керек, бұл азамат қазір азаматтық қорғау органдарының қызметкері болып табылмайды. Өйткені ағымдағы жылдың мамыр айында теріс қылықтарына байланысты жұмыстан шығарылды.

 Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады. Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады. Өз кезегінде ТЖМ өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараларды жүзеге асырады және анықталған әрбір факт бойынша шаралар қабылдануда. ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне хабарлаймыз. Біздің министрліктің барлық қызметкерлері үшін «WhatsApp» мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады, - деп түсіндірді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы