Құтқарушылар мен еріктілер хабар-ошарсыз кеткен 4 адамды тапты

23 Ақпан 2024, 11:09
520
Бөлісу:
Құтқарушылар мен еріктілер хабар-ошарсыз кеткен 4 адамды тапты
Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысының құтқарушылары мен еріктілері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 ақпанда сағат 9:00-де 4 адам жеңіл автокөлікпен Батпақкөл ауылдық округі бағытында жылқы іздеуге шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалған адамдар 22 ақпанда сағат 11:00-де Қандыағаш қаласынан 300 км қашықтықта табылған.

Құтқарушылар олардың жеңіл көліктерін қар құрсауынан шығарып, адамдарды Көкпекті ауылына жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы