Құтқарушылар бетон араластырғышта аяғы қысылып қалған құрылысшыны құтқарды

30 Сәуір 2023, 11:17
715
Бөлісу:
Құтқарушылар бетон араластырғышта аяғы қысылып қалған құрылысшыны құтқарды
Фото: ТЖМ

Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары бетон араластырғышта аяғы қысылып қалған құрылысшыны құрсаудан босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

29 сәуір күні сағат 16:52-де Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне құрылыс алаңында адамның аяғы қысылып қалғаны туралы Алматы облысы ТЖД-дан хабарлама келіп түсті. Құмды тиеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы сәтсіз сүрініп, салдарынан оң аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушыдан құрылған жедел тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы дереу оқиға орнына барды. Оқыс оқиға Іле ауданындағы Гейт Сити ықшам ауданында болған. Оқиға орнына келгеннен кейін ТЖМ құтқарушылары болгарканың көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылған аяғын босатты, аяғы сынып кеткен екен. Құтқарушылар шок алған ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жедел жәрдем бригадасы оны бірден ауруханаға алып кетті.

 

Өзгелердің жаңалығы