Құтқарушылар бес жасар балаға көмекке келді

9 Ақпан 2025, 18:32
381
Бөлісу:
Құтқарушылар бес жасар балаға көмекке келді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар бес жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Атасы көшеге шыққан кезде есік ішінен жабылып, қыз бала үйде жалғыз қалды. Есікті ашуға сәтсіз әрекеттерден кейін, ер адам 112 қызметін шақырды.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, аспалы құралдардың көмегімен терезені ашып кейін кіретін есікті ішінен ашты. Бала зардап шеккен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы