Құтқарушының сәбиін перзентханадан шығарып алу сәті жұртты сүйсінтті

16 Сәуір 2024, 18:44
1012
Бөлісу:
Құтқарушының сәбиін перзентханадан шығарып алу сәті жұртты сүйсінтті
VIDEO
Фото: скрин

Су тасқыны кезінде құтқарушылардың шаңырағында сәби дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысында су тасқыны басталғаннан бері құтқарушылар Ойыл ауданында үздіксіз жұмыс істеп жүр.

Солардың бірі Асқар Құсайыновтың отбасында ару қыз дүниеге келді. Асқар перзентханадан жұбайы мен сәбиіді қайықпен шығарып алды.

Бұл оқиға көпшілікті тәнті етті. Ауылға тікелей жолдың болмауына байланысты жас босанған әйел өзеннен қайықпен өтуге мәжбүр болды. Отағасы жаңа туған қызы мен жұбайын жағадан гүл шоқтарымен қарсы алды.

Кішкентай Дананың денсаулығы мықты, болашағы жарқын болсын! Бұл ТЖМ құтқарушыларының айрандай ұйыған отбасыларындағы жалғыз қуаныш емес. Маңғыстау облысы ТЖД алдын алу бөлімінің аға инженері Уәлихан Жұмабековтың ұлы дүниеге келді. Ол өзінің жаңа туған Мұхаммед есімді ұлын әлі жүздескен жоқ, бірақ су тасқынына қарсы күрес кезеңі аяқталғаннан кейін үйіне оралып, кішкентай батырын құшақтауды армандайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы