Құтқарушы-психологтар эвакуацияланған адамдарға көмектесіп жатыр

9 Сәуір 2024, 09:44
195
Бөлісу:
Құтқарушы-психологтар эвакуацияланған адамдарға көмектесіп жатыр
Фото: ТЖМ

Атырау облысының құтқарушылары су тасқынымен күресіп қана қоймай, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан құралған топ соның ішінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінінің психологиялық қызмет тобы эвакуациялық пункттарды аралау жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жағдайда психологиялық көмек адамдарға өз жағдайын жеткізуге көмектесу, оларды тыңдауға мүмкіндік беру және дер кезінде ақпараттық көмек көрсете білу үшін жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы