Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға сотталды

13 Қаңтар 2023, 12:25
1256
Бөлісу:
Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға сотталды

Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан шектеліп, 8 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикор телеграмына сілтеме жасап.

Дәл осы үкіммен «Эксперт Арсенал» ЖШС құрылтайшысы Б.Шаймерденов пен «Көкшестрой технадзор» ЖШС техникалық қадағалау инженері О.Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Олар 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі жазаға тартылды. 

Тергеу барысында сотталғандардың Щучье қаласындағы 100 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына бөлінген 50,5 млн теңге сомасында іс жүзінде аяқталмаған монтаждау жұмыстары үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді, -делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы