Құрылтайдан жаңа ой, адал азамат концепциясы туындайды - Әбенов

17 Маусым 2023, 14:30
1954
Бөлісу:
Құрылтайдан жаңа ой, адал азамат концепциясы туындайды -  Әбенов
Фото: автордан

Түркістан қаласында ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жиынның идеологиялық маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің осы аймақтағы тілшісі.

Мұрат Абдуләмитұлының айтуынша, Ұлттық құрылтай қысқа мерзімді бес-он жылға емес, алдағы он шақты жылға бағытталған мемлекетіміздің дамуын айқындайтын маңызды басқосу.

Соңғы кездері әділетті мемлекет, әділдік деп жүрміз ғой. Бұл ұғымды алдымен мемлекет өзі жасап беру керек деген ой пайда болды. Ал бүгінгі Құрылтайдың отырысында әділетті мемлекет болу үшін әрбір адам өзі де адал болу керектігі айтылды. Бұрын бұл тек бір жақты айтылып келсе, осы жолы басқаша болды. Азаматтардың қызметі, ісі, ойы адал болу керек, яғни жаңа ой, адал азамат деген концепция туындайды деп ойлаймын. Дұрыс, мемлекет те жасау керек, бірақ әр азамат өз тарапынан адалдыққа ұмтылса ұтылмаймыз. Маған құрылтайда осы идея ұнады, - деді Әбенов.

Депутаттың пікірінше, азаматтық қоғам қалыптастыру үшін жақсы білім беру, азаматтардың табысты болуына, еңбек етуіне мүмкіншілік жасалу керек. Ол осы бағытта Президентті қолдайтынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы