Құрылтайда стратегиялық және идеологиялық мәселелер талқыланады – сарапшы

16 Маусым 2022, 20:39
1528
Бөлісу:
Құрылтайда стратегиялық және идеологиялық мәселелер талқыланады – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық құрылтай – бұл мемлекет пен қоғамды тиімді дамыту жөніндегі идеяларды сындарлы түрде тұжырымдауға арналған жаңа диалог алаңы.

Бұл туралы Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әлішер Тастенов айтты.     

Бұл Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жалғасы десе де болады. Тек ендігі кезекті бұл алаңда стратегиялық және идеологиялық мәселелер талқыланбақ. ҰҚСК-не қарағанда Ұлттық құрылтай саяси партиялар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Парламент депутаттары, бизнес, медицина, білім, ғылым, мәдениет, спорт, жастар ұйымдарының өкілдерінен, сондай-ақ өңірлік Қоғамдық кеңестер мүшелерінен тұратын кең сараптамалық және қоғамдық құрамымен ерекшеленеді, - деді ол.

Сонымен қатар құрылтай жұмысына Қазақстан азаматтары қатыса алады. 

Осы мақсатта барлық қазақстандық өз ұсыныстарын Ұлттық құрылтай хатшылығына жолдай алатын арнайы онлайн-платформа құрылды. Осылайша Ұлттық құрылтайдың тұрақты қоғамдық диалог түріндегі жұмысы жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету мен нығайтуға, сондай-ақ әлемдік геосаяси және экономикалық процестердің тұрақсыздығын ескере отырып, мемлекеттің даму тиімділігін арттыруға бағытталған сындарлы ұсыныстар мен ұсынымдарды жинақтай отырып, жаңа Қазақстанның құрылысына айқындаушы ықпалын тигізетін болады, - деді Әлішер Тастенов.

Өзгелердің жаңалығы