Құрылтай депутаты болуға кімдер үміткер бола алмайды?

Заңнамада сайлауға қатысу құқығына қатысты нақты шектеулер белгіленген.

 ©BAQ.KZ Бүгiн 2026, 18:40
Бүгiн 2026, 18:40
86
Фото: ©BAQ.KZ

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова Құрылтай депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында сайлауға қатысу құқығына қатысты нақты шектеулер белгіленген.

Атап айтқанда, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысуға құқығы жоқ. Құрылтай депутаты болып жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам сайлана алады, – деді Әсел Жанәбілова.

ОСК мүшесі атап өткендей, бұл талаптар сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз етуге және Құрылтай депутаттығына кандидаттардың конституциялық талаптарға сай болуын айқындауға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін Құрылтай сайлауында сайлау қорларының лимиттері ұлғайтылғаны айтылды. 

Наверх