Құрманғазы оркестрінің жаңа басшысы тағайындалды

16 Шілде 2019, 11:18
2712
Бөлісу:
Құрманғазы оркестрінің жаңа басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық xалық аспаптар оркестрінің жаңа директоры болып Қуанышбек Мұхангалиев тағайындалды. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов ұжымға жаңа басшыны таныстырды.  

IMG-20190715-WA0038.jpg

Қуанышбек Мұхангалиев – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің түлегі. 

Түрлі жылдары Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші артисі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің инспекторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті Театр өнері және кинематография басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музыкалық өнері басқармасының бас сарапшысы мен басқарма басшысының міндетін атқарған.   

2017 жылғы шілде айынан осы уақытқа дейін Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 

Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

Өзгелердің жаңалығы