Құрманғазы атындағы конкурс өтеді

3 Қазан 2023, 12:44
626
Бөлісу:
Құрманғазы атындағы конкурс өтеді
Фото: ОКҚ

Елімізде Құрманғазы атындағы ХІІ Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 90-концерттік маусымын ашады. Маусым аясында Ұлттық оркестр Италия Республикасы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында гастрольдік сапарға барады. Биыл 90-маусымның ерекшелігі оркестр ұжымының базасында алғаш рет Құрманғазы атындағы Республикалық конкурстың ұйымдастырылуы екен.

Конкурсқа ел бойынша 16-40 жас аралығындағы музыканттардан 150 өтінім түскен. Оның 113-і іріктеуден өтті. Конкурс биыл Құрманғазы оркестрінің 90-шы концерттік маусымына тұспа-тұс келуіне орай бас жүлде екі номинация бойынша табысталады. Осыған дейін тек «Домбыра» номинациясы болған еді. Оркестрдің 90 жылдық кезеңіне орай «Прима қобыз» жүлдесі қосылды. Осылайша бас жүлде екеу болады. Сонымен қатар «Домбыра прима», «Шертер», «Қылқобыз», «Сырнай» номинациялары бойынша жүйріктер бақ сынайды,-деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Медет Қуанышевтың айтуынша, бұл конкурстың дәрежесі кәсіби музыкант үшін жоғары. Өнерде жүрген әрбір музыка маманы бұл байқаудың жеңімпазы болуды мақсат тұтады.

Өзгелердің жаңалығы