Қазақстан Токио мен АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан жаңа халықаралық бағыттар бойынша сұрады.
Нью-Йорк, Токио және басқа да бағыттар бойынша жаңа тікелей рейс ашамыз деп көптен бері әңгіме қозғап жатырмыз. Әлі де нәтиже жоқ. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар? - деп сұрады Үкімет басшысы.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, Токиоға тікелей рейсті биыл, ал АҚШ бағытын келесі жылы ашу жоспарланып отыр.
Токио бойынша осы жылдың 4 тоқсанында, ал АҚШ-қа келесі жылдың 2 тоқсанында рейстерді ашамыз, - дейді Сауранбаев.
Премьер-министр бұдан бөлек тағы қандай бағыттар бар екенін сұрады.
Басқа қандай бағыттар бар? - деді Бектенов.
Министрдің айтуынша, бүгінде Астанадан 34 халықаралық бағыт бойынша рейстер орындалып жатыр. Жыл соңына дейін тағы 5 бағыт ашу жоспарланған.
Басқа бағыттар бойынша 34 халықаралық бағыт Астанадан ұшуда. Жылдың аяғына дейін 5 бағытты ашамыз, - деді Көлік министрі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне тағы 6 ұшақ қосылатыны айтылды.
Сондай-ақ, Қатон-Қарағай, Зайсан және Кендірліде аэропорт салынып жатқаны хабарланды.
Айта кетейік, Қазақстанда 4 жаңа халықаралық рейс ашылды.