"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

2 Қазан 2024, 18:00
3324
Бөлісу:
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
PHOTO
Фото: Асылхан Жуланов

Елімізде атом электр стансасын салу туралы бастама көтерілгеннен бері қазақстандықтар осы тақырып жайлы ақпараттарға тереңірек үңіле бастады. Дегенмен көп адам елімізде атом энергетикасы бағытында талай жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан үлкен орталықтың бар екенін, онда екі бірдей атом реакторының жұмыс істеп тұрғанын біле бермейді. Тіптен жапондардың өздері сол орталықтың мамандарынан ақыл сұрап, АЭС-тың қауіпсіздігі бойынша кеңес алатынынан көпшілік бейхабар. BAQ.KZ тілшісі Курчатов қаласында болып, атом саласымен айналысатын орталықтың жұмысымен танысып қайтты.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Курчатов – Семей мен Павлодар қалаларының ортасында, Ертіс өзенінің бойында орналасқан шағын шаһар. 1947 жылы іргетасы қаланған қала бұрын Семей ядролық полигонының орталығы болатын. 1974 жылы елдімекенге осында көп жылдар бойы еңбек еткен ғалым Игорь Курчатовтың есімі берілді.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Кеңес одағы кезінде бұл қала көпшілік үшін жабық болды. Мұнда келу үшін арнайы рұқсат қағаз талап етілді. Себебі Курчатовта құрылғалы бері ядролық физика бағытындағы түрлі зерттеулер мен сынақтар жүргізілді. Құпиялылықты сақтау үшін түрлі құжаттарда шаһардың атауы Мәскеу-400, Надежда, Берег, станция Конечная деп көрсетілген кездері де болған.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Қазір қалада соңғы санақ бойынша 12 мыңдай адам тұрады. Тұрғындардың көбі осында орналасқан атом энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін мекемелерде еңбек етеді. Қала шағын, 10-нан астам ғана көше бар. Кезінде мұнда халық игілігіне қызмет еткен талай мекеме болғаны көрініп тұр, қазір олардың көбісі қаңырап бос қалған.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Ұлттық ядролық орталық – Курчатовтың жүрегі десе болады. Бұл мекеме 1992 жылы құрылған. Стратегиялық мақсаттары – елімізде атом энергетикасын дамыту, радиациялық қауіпсіздік, экология мәселелері және кадр дайындау. Орталықтың төрт филиалы бар. Олардың ішіне кіру үшін кез-келген адамның басынан бақайшағына дейін тексереді. Тәртіп сондай. Себебі, оларда стратегиялық маңызы бар зерттеулер жүргізіледі. Тіпті кейбір нысандарға қалам мен қағаздан басқа артық зат алып кіруге болмайды. Біз мүмкіндігімізше орталықтың филиалдарымен танысып, ондағы жұмысты көзбен көріп қайттық.   

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Орталық филиалдарының біріншісі және ең үлкені – Атом энергиясы институты. Ол атом энергетикасын дамыту, радиациялық қауіпсіздік, ядролық материалдарды таратпау бағытында жұмыс істейді. Мұнда ядролық энергетикада болашақта пайдаланатын реакторлардың қауіпсіздігін, физикалық мүмкіндіктерін зерттейді.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

30 жылдан артық уақыт біз жапон атом агенттігімен жұмыс істеп, 4-нші буындағы реактордың қауіпсіздігін зерттеген болатынбыз. Қазір француздармен жұмыс істеп жатырмыз. Фукушимадағы апаттан кейін зерттеу жүргізіп, кориум деп аталады апаттан кейін пайда болған балқыма, соның қасиеттерін зерттедік. Біздің берген мәліметтер бойынша Тошиба корпорациясы қазір сол қалдықтарды алуға арналған арнайы құралдар жасап жатыр. Біз таңдаған материалдар бойынша қазір әлемде соғылып жатқан АЭС-тердің қауіпсіздік элементтері жасалады, - дейді Атом энергетика институты директорының материалтану зерттеулері бойынша орынбасары Ерболат Қоянбаев.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Бұл институтта түрлі зертханалар жұмыс істейді. Солардың бірі - Перспективті материалдар алу лабораториясы. Басшысы Нурия Мухамедованың айтуынша, қазір мұнда жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңа материалдарға қол жеткізіліп жатыр. Соңғы жетістіктердің бірі - АЭС жұмысының қауіпсіздігіне арналған материал. Ол атом реакторларының корпусын қаптауға, турбиналар жасауға таптырмас зат екен.

 

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Бұл зертханада кілең жастар еңбек етеді. Астана мен Алматы, Өскемен және Семейде білім алған олар ғылыммен айналысу үшін осында жұмысқа келіпті.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Екінші филиал Радиациялық қауіпсіздік және экология филиалы. Бұл институт қызметінің негізгі ғылыми бағыты бұрынғы Семей сынақ полигонын жан-жақты зерттеу, оның аумағындағы және оған іргелес жатқан жерлердегі радиоэкологиялық жағдайды қалпына келтіру. Одан бөлек бұл мекеме ел аумағындағы радиоактивты ластанған аумақтарда зерттеулер жүргізеді.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Үшінші филиал Геофизикалық зерттеу институты. Бұл мекеменің геофизикалық, акустикалық және сейсмикалық базалары бар, олар бүкіл әлемдегі ядролық жарылыстарға мониторинг жүргізеді.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

 Төртінші мекеме «Байкал» филиалы. Онда қолданбалы ғылыми зерттеулер, инженерлік-техникалық жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ сәулет, қала салу және құрылыстық қызмет саласындағы жұмыстарды жүзеге асырады. 

Ұлттық ядролық орталықта екі атом реакторы бар. Біріншісі - ИВГ.1М деп аталатын зерттеу реакторы. Басты қызметі – түрлі материалдарды сәулелендіру. Сол арқылы сан түрлі салада қолданылатын заттардың беріктігі сыналады.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Екінші атом реакторы – 1958 жылы іске қосылған ИГР реакторы. Бұл қондырғы 1961 жылдың өзінде импульстік реакторлардың қарқынын зерттеуге, ал 1962 жылдан бастап перспективалы реактор қондырғыларының жай-күйін, соның ішінде ядролық ракета қозғалтқышын зерттеуге кірісуге мүмкіндік берді.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Бұл екі реактордың АЭС – тердегі реакторлардан бір ғана айырмашылығы бар – олар энергия бермейді. Яғни, іске қосылғаннан бері осы уақытқа дейін ғылымды дамыту жолында еңбек етіп келеді. Дегенмен онда жүргізілетін зерттеулер әлем бойынша іске қосылып жатқан АЭС-тердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Ғылымды дамыту демекші, қазір мұнда болашақтың энергиясы саналатын термоядролық синтез энергиясын алу жолындағы зерттеулер жүргізіліп жатыр. Алдағы 100 жылда әлем энергетиктері күн сәулелері мен жұлдыздардың жарқылын энергияға айналдыруға бет бұрмақшы. Ол үшін өте төзімді, мыңдаған градусқа төтеп бере алатын материалдар қажет. Міне, қазақстандық ғалымдар сол материалдарды сынау үшін осында арнайы соғылған қондырғыда жұмыстар жүргізетін болады.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Токомактардың / сынақ жүргізілетін қондырғылардың- ред./ эксперименталды физика зертханасының жетекшісі Ержан Қашықбаевтың айтуынша, алғашқы сынақ жұмыстары келесі жылға жоспарланған. Егер бұл зерттеулер сәтті іске асса, бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін үлкен жетістік болады. Бұл жаңа энергия көздеріне қол жеткізу үшін жасалып отырған маңызды шаруа.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді
"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

Жалпы Ұлттық ядролық орталықта 2 мыңға жуық адам еңбек етеді. Мұндағы ғалымдар еліміздегі энергетика саласының дамуына үлкен үлестерін қосып келеді. 40 жылдан астам өмірін осы салада өткізген профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Мажын Сқақовтың сөзінше, еліміздің атом энергетикасы саласындағы әлеуеті өте зор. Қазақстанда ғалымдар да , ғылыми база да мықты. Сондықтан технологияларды дамытуда еліміз өзгелерден қалып қоймауы керек.

"Құпиясы көп мекен": Атом энергетикасының астанасы Курчатов жайлы халық неге көп білмейді

АЭС құрылысы қазір кеңінен талқыланып жатыр. Әрине, ол бізге керек. Бірақ, бірінші кезекте оның жұмысының қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қажет. Соңғы 15-20 жылда атом энергетикасы қатты дамыды. Оған біздің де қосқан үлесіміз бар. 40 жылдан бері біздің орталықтың мамандары осы салада тынымсыз еңбек етіп келеді, біледі, түсінеді. Бірақ, АЭС-ке талап жоғары екенін білесіздер. Сондықтан, біз осы бағыттағы жұмыстарды ширатуымыз қажет. Жоғары білікті инженерлерді даярлау бүгінгі күннің маңызды мәселесіне айналып отыр – дейді академик.

Өзгелердің жаңалығы