Референдум күні Шымкентте қоғамдық көлік тегін жүреді

2 Қазан 2024, 17:51
289
Бөлісу:
Референдум күні Шымкентте қоғамдық көлік тегін жүреді
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Елімізде 2024 жылғы 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтетіні белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ

Осыған орай азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін Шымкент қаласында 6 қазан күні барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 6 қазан күні шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Нақтырақ айтқанда, 1 мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.

Аталған игі іс тасымалдаушы компаниялар тарапынан 2024 жылы 6 қазанда өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы күні таңертеңнен кешке дейін қала аумағында кез келген азамат қоғамдық көлікпен тегін жүре алады.

Өзгелердің жаңалығы