Құны 2,5 млн доллардан асатын есірткіні тасымалдаушы ұсталды

31 Шілде 2023, 11:54
628
Бөлісу:
Құны 2,5 млн доллардан асатын есірткіні тасымалдаушы ұсталды
Фото: BAQ.KZ -архив

Шілде айында 60 келіге жуық есірткі әкетіп бара жатқан жерінен Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді.

Биыл шілде айында Павлодар - Омбы бағытындағы автожолда арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің күштік қолдауымен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Жүк көліктің «Volvo» маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм «героин» салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм «гашиш» салынған 2 орама анықталып, тәркіленді, - деп атап өтті министрлік өкілі.

Айтуынша, бұл шамамен 250 мың бір реттік доза.

Оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады. ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Қазіргі уақытта осы есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Ақтоты Боранова.

Өзгелердің жаңалығы