Құлсарыдағы бизнес нысандарының 137 ғимараты тексеруден өтті

25 Мамыр 2024, 16:11
374
Бөлісу:
Құлсарыдағы бизнес нысандарының 137 ғимараты тексеруден өтті

Құлсары қаласындағы бизнес нысандарының 137 ғимараты техникалық тексеруден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыой ауданында кәсіпкерлік субъектілерінің зардап шеккен мүлкін бағалау бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі Атырау облысының жедел штабы.

24 мамырдағы жағдай бойынша, Жем өзенінің тасуы кезінде су тасқынынан зардап шеккен 320 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Бүгінгі таңда сарапшылар 47 кәсіпкерлік субъектісі бойынша тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалауда.

Қазіргі уақытта жылжымалы мүлкі зардап шеккен 119 кәсіпкер тіркелді.

128 бизнес объектісі бойынша ғимараттарға техникалық тексеру жүргізілді, сондай-ақ, 35 кәсіпкерлік субъектісі бойынша 662 бірліктен астам жабдықты бағалау жұмысы жүргізілді, 8 нысанға техникалық тексеру жалғасуда. Бұзуға жататын нысандар саны - 17 бірлік. Күрделі жөндеуге жататын нысандар саны - 14, ағымдағы жөндеуге жататын нысандар саны – 97, - деді Жылыой ауданы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ерлан Нұрланов.

Кәсіпкер Гүлбану Жұмақұлованың айтуынша, су тасқыны кезінде оның ұлттық көрпе шығаратын бизнесі - шағын цехы зардап шеккен. Су астында жалпы сомасы 6 миллион теңгеге жабдық қалды.

Маған ғимараттар мен жабдықтарды техникалық бағалауды жүргізетін мамандар келді. Бағалау нәтижесінде есептелген өтемақы көлемі мені толығымен қанағаттандырады, - деді Гүлбану Жұмақұлова.

Өзгелердің жаңалығы