«Қуатжылуорталыққа» 20 млн теңге айыппұл салынды

12 Маусым 2023, 14:26
1021
Бөлісу:
«Қуатжылуорталыққа» 20 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Шымкент қаласының Прокуратурасы және ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қатысты бірлескен тексеріс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру қорытындысы бойынша, 251 тұтынушыларға қолжетімділікті ұсыну барысында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары өрескел бұзылғаны анықталды.

«Қуатжылуорталық-3» МКК 171 тұтынушыға үлгілік нысанға сәйкес келмейтін техникалық шарттар берген, сонымен қатар 80 тұтынушының техникалық шарттарды алуға өтініштерін қарау және бас тарту жағдайында қарау мерзімін бұзған.

Осылайша, «Қуатжылуорталық» МКК Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 4) тармақшасының талаптарын бұзды.

Нәтижесінде, «Қуатжылуорталық» МКК Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 700 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза белгіленді, - делінген  Табиғи монополияларды реттеу комитеті таратқан хабардамада.

Өзгелердің жаңалығы