Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін өткізді

17 Наурыз 2023, 11:55
746
Бөлісу:
Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін өткізді
Фото: prosports.kz

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (25-7-2) Mergen FC 4 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оның қарсыласы өзбекстандық Бобур Абдулазизов (12-9) болды. Қуат бірінші раундтан бастап басымдығын байқатты. Ал өзбекстандық көбіне қорғанумен жүрді.

Екінші раундтың соңына қарай Хамитов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. 

Айта кетейік, әуелде Қуат Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болған. Алайда ресейлік спортшы қарызына байланысты әуежайдағы тексерістен өте алмай, қалып қойған.

Өзгелердің жаңалығы