Қуантыров шекара маңындағы ауылдарға қандай жағдай жасалатынын айтты

4 Сәуір 2023, 09:50
582
Бөлісу:
Қуантыров шекара маңындағы ауылдарға қандай жағдай жасалатынын айтты
Фото: azattyq-ruhy.kz

Елімізде 65 ауданда 1,7 млн халқы тұратын барлығы 1283 шекара маңындағы ауыл бар. Бұл жайында Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін 2023 жылға 140 шекара маңындағы ауылда 290 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, тұжырымдамада әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу, отандық телеарналардың цифрлық эфирлік теле және радио хабар таратуын қамтамасыз ету, еңбек тапшылығы бар шекара маңы ауылдық округтеріндегі тұрғындардың жалақысына үстемеақы қосу және оларға басқа да жеңілдіктер беру мүмкіндігі көзделген, – деді Қуантыров.

Сондай-ақ ол өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту көзделгенін атап өтті.

Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру болады. Ол үшін әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техникамен және жабдықпен лизингке қамтамасыз ету шаралары іске асырылатын болады, – деді министрдің міндетін атқарушы.

Осыған дейін газ бағасы әр өңірдің тұтыну көлеміне қарай қойылатыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы