ҚТЖ-ның орталық аппаратында кешенді талдау жүргізіледі

12 Маусым 2020, 17:47
982
Бөлісу:
ҚТЖ-ның орталық аппаратында кешенді талдау жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚТЖ-ның орталық аппаратында ішкі кешенді талдау жүргізіледі. 

Бұл туралы "Адал жол" жобалық кеңсесінің менеджері Камалдин Жақпаров "AntikorLive" алаңында мәлімдеді.

ҚТЖ-ның орталық аппараты мен ведомствоға қарасты ұйымдарда ішкі кешенді талдау жүргізіледі. Бұл жемқорлықты жою мақсатында іске асырылатын шара. Іс-шараға әртүрлі қауымдастықтар мен қоғамдық ұйымдарды тартамыз. Сарапшылардың пікірін жинаймыз. Осы жүйеде туындаған қиындықтар бойынша азаматтардың қалауын ескереміз, - деді ол. 
Аталған талдау ҚТЖ-ның қызметімен бірлесіп жүзеге асырылатынын айтты. 
Жұмыс өте ауқымды. Кешенді талдау бойынша қол жеткізілген нәтижелермен алдағы уақытта бөлісіп отырамыз, - деді "Адал жол" жобалық кеңсесінің менеджері.

Айта кетейік, отырыс барысында Қамалдин Жақпаров адамдардың face-id-ы арқылы билетсіз жолаушыларды анықтайтын жүйе іске қосылатынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы