ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты жоюға уәде берді

30 Маусым 2022, 17:43
1467
Бөлісу:
ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты жоюға уәде берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Әлия Назарбаеваға тиесілі  Instant Payments компаниясымен келісім-шартты бұзуға келісім жасасқанын айтты.

Орталық коммуникацияларалаңында өткен баспасөз мәслихатында компания өкіліне «ҚТЖ Әлия Назарбаеваның «Instant Payments» компаниясымен жасалған келісім-шартты қашан бұзады?» деген сұрақ қойылды.

Біз ақпан айынан бастап жұмыс істеп жатырмыз. 18 наурызда шартты бұзу туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі күні екі тарап қол қойды. Бірақ бұл өндірістік процесс болғандықтан, жолаушылардың билет сатып алуына кедергі келтірмей, тасымалдау қызметінде ақау болмас үшін біртіндеп өтуіміз керек. Бүгінгі таңда жаңа үлгідегі шартты келісу және ашық тендер құжаттарын рәсімдеп жатырмыз, - деп жауап берді «Қазақстан темір жолы» АҚ ұлттық компаниясының сату және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Ерлан Жамайылов.

Ол ҚТЖ «Самұрық-Қазына» қоры бекіткен сатып алу ережелерін қолданатынын еске салды.

Қазіргі таңда үлгілік шартты келісу рәсімі жүргізіліп жатыр, одан кейін шарт бекітіледі. Араға 45 күн салып шарт ресми сайтқа жарияланады. Ондағы мақсат – кез келген адам танысуы үшін және ашық тендерге ниет білдірушілер еркін қатыса алады. Тендерді осы жаздың соңына дейін өткізу жоспарланып отыр, - деді Жамайылов. 

Өзгелердің жаңалығы