ҚР мен Еуропалық Одақ өкілдері екі жақты қаржылық меморандумға қол қойды

19 Мамыр 2023, 14:25
1058
Бөлісу:
ҚР мен Еуропалық Одақ өкілдері екі жақты қаржылық меморандумға қол қойды
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда ҚР мен Еуропалық Одақ өкілдері екі жақты қаржылық меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа Қазақстан тарапынан ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Еуропалық Одақ тарапынан Еуропалық комиссияның Халықаралық әріптестік жөніндегі бас дирекциясының (DG INTPA) Таяу Шығыс және Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша директоры Петерис Устубтсом қол қойды.

Меморандум "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" екінші экономикалық форумы аясында ұйымдастырылды. 

Құжатта, ЕО және Қазақстан Республикасы арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған шикізат, аккумуляторлық батареялар және жасыл сутектің тұрақты құн тізбектері қаралған.

ҚР мен Еуропалық Одақ өкілдері екі жақты қаржылық меморандумға қол қойды

Еуропалық Одақ Қазақстанға тұрақты экономикалық өсімді және құқық үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында 9 млн евро бөледі. 

Стратегиялық әріптестіктің "Жол картасымен" алмасу рәсімін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис өткізді.

Сауда-саттық өндірісі және жасыл энергетика салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында пікір алмастық. Тауарларды жеткізудің жаһандық тізбегін қамтамасыз ету үшін халықаралық көлік маршруттарын дамытудың маңызы зор. Бұл ретте Еуропалық Одақтың “Транс Каспий” халықаралық көлік бағытын дамыту шараларын қадағаладық. Былтыр қараша айында, ЕО комиссия президентімен стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойғанбыз. Осы меморандум шеңберінде аса маңызды шикізат түрлері, аккумуляторлық батареялар және жасыл сутектің тұрақты құн тізбектері қарастырылған. Бұдан бөлек, Еуропалық Одақ тұрақты экономикалық өсімді және құқық үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында 9 млн еуро бөледі. Сындарлы диалог үшін Валдис Домбровскис мырзаға алғыс білдіреміз, - дейді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Аталған келісім ЕО мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды орнатып, оларды жаңа деңгейге көтерудің кешенді негізін қалады.

ҚР мен Еуропалық Одақ өкілдері екі жақты қаржылық меморандумға қол қойды

"Жол картасы" - шикізат пен тазартылған материалдардың қауіпсіз және тұрақты жеткізілімдерін қамтамасыз етуге, сонымен бірге жаңартылатын сутегі мен аккумуляторлық батареялар құн тізбегін дамытуға және екі тарап экономикасының "жасыл" және цифрлық өзгерістерін жеделдетуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы