Қожа Ахмет Ясауи кесенесін арнайы күзет бақылайды

29 Қараша 2023, 14:19
1466
Бөлісу:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін арнайы күзет бақылайды
Фото: BAQ.KZ - архив

Осыдан біраз уақыт бұрын кесенені жарып жібермекші болды деген ақпарат тарады. Қауіпсіздігі қалай күшейтілді? Бұл нысанның жарылуы кімге тиімді болды? Болашақта тағы осындай қауіп болмайтынына кепілдік бере аласыз ба? БАҚ өкілдері облыс әкіміне сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кепілдікті ешкім, ешқашан бере алмайды. Кім не ойлағанын ешкім білмейді ғой. Ондай жағдай ақпан айында болды. Мен өзім де БАҚ өкілдері арқылы естідім. Менің білуімше, Тәжікстанның ба басқа елдің азаматы сондай іс-қимыл жасағысы келген деп. Оның көзқарасын, неге ондай шешімге келгенін білмеймін. Кейбіреулер «серік қосу, тағы басқа нәрселер» дейді. Оның не үшін, не оймен барғанын айта алмаймын, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, қазір кесененің қауіпсіздігі бойынша Үкіметке хат жазған.

Оның айтуынша, кесене стратегиялық аймақ тізіміне енгізіп отыр. Ол енгізілгеннен кейін арнайы күзет қызметі арқылы қауіпсіздік шаралары іске асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы