Қоян жылының қызықтары: "Сіз алматылық емессіз", Айка тізімі және "Оян, Қазақ"

29 Желтоқсан 2023, 15:22
2551
Бөлісу:
Қоян жылының қызықтары: "Сіз алматылық емессіз", Айка тізімі және "Оян, Қазақ"
Фото: BAQ.KZ

2023, яғни қоян жылы да әне-міне дегенше аяқталады. Жылды жеткен жетістігімізді тізбектеп, жасаған игі істерімізді еске алып, барынша қорытындылап жатырмыз. BAQ.KZ редакциясы да биыл әлеуметтік желіде болған қызықты оқиғаларға шолу жасап көрді.

Жылдың үздік цитатасы – "Вы не алматинец"

Жақында Алматы әкімі Ерболат Досаевтан әуежай аймағында блогер, журналист Асхат Ниязов сұқбат алмақ болғанын білесіздер. Блогер Алматы мэрімен кездесіп қалып, онымен сөйлесуге тырысады. Бірақ онысынан ештеңе шықпайды. Әкім Ниязовқа жеке кеңістігіне бас сұғып жатқанын айтып, сөйлескісі келмейтінін жеткізеді.

Журналистің "неге әңгімелескіңіз келмейді?" деген сұрағына Досаев былай деп жауап береді:

Сіз алматылық емессіз, кешіріңіз ("Вы не алматинец" - ред.). Асхат, Алматыға көш, осында тұр, сосын сенімен кездесемін, – деген еді Ерболат Досаев.

Үздік үйлену тойы – Мерей мен Димаш

Қараша айында футболшы Дінмұхаммед Қашкенмен тағдырын байлаған блогер Мерей Әбілованың тойы дүркіреп өтті. Тойда Jah Khalib, Akha, Бүркіт пен Аиша және RaiM өнер көрсетті. Жас жұбайлардың тойында байқауларға қатысқан қонақтар бағалы сыйлықтар алды. Мысалы әлеуметтік желілерде тойда "Су-е-фа!" ойнап, жеңіске жеткендерге соңғы модельдегі IPhone сыйлаған.

Ал жас жұбайлардың шаңырақ көтеру құрметіне алған сыйлықтары да осал емес. Ғашықтарға жақындары 4 бөлмелі элиталы пәтер мен бағалы автокөлік тарту етті.

Қоян жылының қызықтары: "Сіз алматылық емессіз", Айка тізімі және "Оян, Қазақ"

Жылдың үздік жұбы

Биыл қаңтарда шаңырақ көтерген 38 жастағы Ерке Есмахан мен 26 жастағы Raim елдің қызу талқысына түскені есімізде.

2023 жылдың үздік жұбы атанған Ерке мен Райм жақында ата-ана атанып та үлгерді.

23 қарашада Райм өзінің Instagram парақшасында сүйінші жаңалықты хабарлаған болатын. 

Жылдың үздік фильмі – "Міржақып. Оян, Қазақ"

"Міржақып. Оян, Қазақ" — Міржақып Дулатұлы туралы түсірілген тарихи, көркем фильм. Фильм Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген 6 бөлімнен тұратын сериалдың ықшамдалған нұсқасы ретінде дайындалды. Фильм 2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандық прокатқа шықты.

Міржақып Дулатұлының рөлін жоғары деңгейде сомдаған актер Бақыт Қажыбаев көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Бүгінде қазақстандықтар "Міржақып. Оян, Қазақ" сериалын YouTube-тен көре алады.

Қоян жылының қызықтары: "Сіз алматылық емессіз", Айка тізімі және "Оян, Қазақ"

Жылдың үздік тізімі – "Айка тізімі"

Әлеуметтік желіде жеңгетай әйел – Айканың қыздарынан эскорт қызметін жиі алып тұратын жігіттердің тізімі тарап кетті.

VIP жеңгетай Айканы маусым айында Ішкі істер министрлігі қолға түсірген еді. Министрлік Алматыда айналымы 209 миллион теңгеден асатын элиталық эскорт қыздардың "жабық" әлеуметтік желілері жойылғанын хабарлаған болатын. Осы әлеуметтік желілер арқылы, полицияның мәліметінше, Алматыда тек ауқатты ерлерге интимдік қызмет көрсететін модель қыздардың қатысуымен секс кештері ұйымдастырылған.

Енді арнаның ақпаратына сүйенсек, тізімдегі 300 адамның арасында облыс әкімінің бірінші орынбасары, сосын министрлікте басқарма басшысы болып отырған лауазымды тұлғалар бар.

Жылдың үздік дүкені – Pinduoduo

Қазақстандықтар Қытайдың Pinduoduo платформасына тіркеліп, жаппай сауда жасап жатыр. Pinduoduo – бұл онлайн-сатушы дүкен. Мұнда азық-түліктен бастап, киім-кешек, техникаға дейін бар.

Бүгінде қазақстандықтар арасында Pinduoduo-дан тауар алуды үйретіп, оны табыс көзіне де айналдырып жатқандар бар.

Жылдың миллиардер фильмі – "Таптым-ау сені"

Астана қаласында 30 қарашада актриса Дариға Бадықованың алғашқы толықметражды фильмінің тұсаукесері өтті.

"Таптым-ау сені" кинотуындысының желісі бойынша, Сəуле мен Жексен (Джексон) – бір ауылда тұратын достар. Екеуі бала кезде бокс секциясында танысқан. Қымызды қалаға апарып сатумен айналысады. Сəуле люлькасы бар мотоцикл айдайды. Жексеннің əжесі үйленбей жүрген немересіне қыз тауып бер деп Сəулеге бұйымтайын айтады. Сəуле көмектесуге келіседі. Сөйтіп екі дос әртүрлі қызыққа тап болады.

Фильм 10 күннің ішінде миллиард теңгеден астам пайда тапты.

Өзгелердің жаңалығы