Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда полицейлер жабайы қарасора плантациясын жойды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қостанайда полицейлер еріктілермен бірге шаңғы базасының аумағында бес гектарға жуық жабайы қарасораны өртеді. Есірткі заттарын жою акциясына облыс әкімдігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың қызметкерлері қатысты. Өсімдік ауданы бір шақырымнан асатын №3 БЖСМ аумағында өсті. Мектеп қызметкерлері полицияға жабайы қарасораны жоюға көмек көрсету туралы жүгінген.
Полицейлер облыс орталығының коммуналдық қызметтерімен бірлесіп, арнайы техниканы пайдалана отырып, өсірілмейтін қарасора плантациясын шапты.
Тәркіленген есірткілерді өртеу бойынша акцияны есірткіге қарсы насихаттау, сондай-ақ олардың қайталама айналымына жол бермеу мақсатында полиция тұрақты түрде комиссия мен қоғамның қатысуымен өткізеді, – дейді облыстық ПД ЕҚІҚБ қызметкері Айгүл Ерадилова.
Өсімдікті жою “Қарасора – 2022” жедел алдын алу іс-шарасы аясында өтті. Міндеттердің бірі – құрамында есірткі бар өсімдіктердің жабайы және заңсыз өсірілетін дақылдарын анықтау және жою.
Жыл басынан бері өңірде 207 есірткі қылмысы мен құқық бұзушылық, оның ішінде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 6 фактісі анықталды.