Қостанайда тұрғын үй өртенді

9 Ақпан 2025, 17:37
358
Бөлісу:
Қостанайда тұрғын үй өртенді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Қостанай қаласында Центральная көшесінде жеке тұрғын үй өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. 60 шаршы метрге жайылған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды!

Өзгелердің жаңалығы