Қостанайда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

28 Сәуір 2022, 11:34
3102
Бөлісу:
Қостанайда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті «Antares Limited» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі қарап жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Абдилов айтты. 

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарды алдап, басқа салымшыларды тарту шартымен 100 АҚШ долларынан бастап әр түрлі сомадағы жарна жасап, инвестициялардың 0,5-2% мөлшерінде күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы ақпарат таратты. Қазіргі уақытта сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Сот шешімімен күдіктілерге «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасы қолданылды, - деді ол. 

Абдилов атағандай, Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге тағы да шақырады.

 Қаржы пирамидаларының басты мақсаты тәуекелсіз және күш-жігерсіз өз капиталын тез ұлғайтуды ұсынып, сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу екенін білу маңызды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы