Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды

10 Қаңтар 2023, 16:28
731
Бөлісу:
Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды

Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

 

«Тәуелсіздік көшесі 105 мекенжайы маңында тозған құбырдың жарылуы туралы хабарлама 10 желтоқсан күні сағат 11:00-де түсті. Жөндеу жұмыстарына арнайы бригада қызметкерлері мен 3 техника жұмылдырылды. Осыған байланысты Тәуелсіздік көшесіндегі №105, 107 көпқабатты үйлер мен Халыққа қызмет көрсету орталығы және Козыбаев көшесіндегі № 96, 98 үйлер судан ажыратылды», - деп мәлім етті «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметінен.

Мәлім болғандай, құбырды қалпына келтіру жұмыстарын бүгін аяқтау жоспарланған. Бұл аралықта тұрғын үйлерге арнайы техникамен су жеткізіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы