Қостанайда қаржы пирамидасы анықталды

10 Наурыз 2022, 11:42
1833
Бөлісу:
Қостанайда қаржы пирамидасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаментімен 2021 жыл кезеңінде облыс аумағында қаржы пирамидасын құрған "GАР" өндірістік кооперативінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.

Кооператив 30 000 теңгеден 480 000 теңгеге дейінгі сомаға жеке тұлғалардың ақшасын тартудан кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастырған. Алынған қаражат кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмай, активтерді қайта бөлу арқылы кейбір қатысушылар басқалардың жарналар есебінен байыған, - делінген хабарламада.

Тінту жүргізу барысында қызметкерлер өндірістік кооперативтің қызметі туралы жарнамалық брошюраларды, салымшылардың тізімін, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электрондық форматтағы шарттар алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Қалған деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының тәртібімен жария етілмейді. 

Өзгелердің жаңалығы