Қостанайда полигондар экологтардан өрттің 31 дерегін жасырған

28 Наурыз 2024, 18:28
857
Бөлісу:
Қостанайда полигондар экологтардан өрттің 31 дерегін жасырған

Қостанай облысының табиғат қорғау прокурорлары қатты тұрмыстық қалдықтар операторларын жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық прокуратура деректеріне сәйкес экологиялық заңнамаға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының операторлары Экология департаментіне болған авариялық жағдайлар, оның ішінде қоқыстың тұтану фактілері туралы хабарлауға міндетті.

Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы операторлардың мәліметтерін Төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың деректерімен салыстыра отырып, соңғы 2 жылда полигондар экологтардан өрттің 31 фактісін жасырғанын анықтады.

Анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижелері бойынша кінәлі операторлар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және мемлекет бюджетіне 6 млн теңгеден астам айыппұл санкциялары түсті, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы