Қостанай облысының фермерлеріне бөлінген 484 млн теңгені жеп қойғандарға сот үкімі шықты

18 Тамыз 2022, 15:57
765
Бөлісу:
Қостанай облысының фермерлеріне бөлінген 484 млн теңгені жеп қойғандарға сот үкімі шықты
Фото: freepik

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар алуға бөлінді.

Сот үш айыпталушыны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді. Нәтижесінде іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы